18
октябрь
2022
"Сақ бол!" атты сынып сағаты
6/8 сынып оқушыларымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сақ бол!» атты сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
- оқушыларға жолда жүру, су және өрт қауіпінен сақ болу және ережелерімен таныстыру.
- Оқушылардың жолда жүру ережелері,өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.
- Жолда жүру, от қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу, ой-өрісін, дүниетанымын дамыту;
- Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін, өрт қауіпсіздігін бұзбауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке бағыттау.
Сабақ барасында оқушыларға жолда жүру ережелері таныстырылды.Сонымен қатар өртке тап болған кездегі қауіпсіздік, алғашқы көмек көрсету жайында қосымша мәліметтер алды. Оқушыларды көшедегі,үйдегі өмір қауіпсіздігіне үйретіп,үй ішінде адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар болуы мүмкін екені ескертілді.