Жаздық демалыс лагеріне жолдама » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2024

Жаздық демалыс лагеріне жолдама

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында негізгі жобалар болып «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды. 
Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Абай облысына 696 жолдама, соның ішінде Үржар ауданына 150 жолдама тиесілі болды. Биыл барлық ауылдық мектептерді қамту көзделіп отыр. Соның ішінде «Қазымбет орта мектеп-бақшасы» КММ-нің директоры Мухаметрахимова Жибек Тортаевнаға Бестерек ауылдық округінің әкімі Сағанаев Данияр Бейсенбаевич 1 дана сертификат табыстады.
@qazaqstanhalqyna 
@oqu_agartu_ministrligi