Әдістемелік жұмыстар 2019-2020 оқу жылы » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2019

Әдістемелік жұмыстар 2019-2020 оқу жылы

Мектепішілік  әдістемелік жұмыстар

Әдістемелік кеңес алдына«Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру» деген проблемалық тақырыпта жұмыс істеді

Мақсаты  : «Оқу-тәрбие үрдісінде шәкіртті мұғаліммен бірдей субъекті ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, оның интеллектуалды- танымдық қабілеті мен іс-әрекетін дамыту »

2.Шығармашылық жұмыс істейтін ұстаздардың еңбегін мектеп ішінде  тарату.

Осы негізде әдістемелік жұмыстардың жоспары жасалынып, отырыстары белгіленді.

Жыл бойы   жоспар бойынша жұмыстар атқарылып, мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсетілді.

Мектептегі 20 мұғалім үш әдістемелік бірлестікке жинақталған.Олар:

1. «Бастауыш» сыныптар бірлестігі

2.   Гуманитарлық пәндер бірлестігі

3.   Политехникалық пәндер бірлестігі

Әр бірлестіктің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері қабылданған. Оқу жылының басында жоспарлары бекітіліп, іске асырылып отырды Мектепте әдістемелік кабинет жабдықталып, онда мұғалімдердің іс –тәжірибелері мен буклеттері жинақталған.

 Биылғы оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің арасында сайыстар өткізіп, үздік шыққандарын  аудандық   сайыстарға ұсындық. Нәтижесінде «Шеберлік шыңы»  атты жас мамандар байқауында қазақ тілі пәні мұғалімі Қырықбаева Ақерке Жасдәуренқызы марапатталса, Аудандық «Патриоттық әндер» сайысына  музыка пәні мұғалімі Қырықбаева Ақерке Жасдәуренқызы оқушысымен қатысып мақтау қағазын иеленіп кайтты.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Боранбаев Қайратбек Турсынбекович аудан бойынша «Жыл мұғалімі» мақтау қағазымен марапатталды. Оқу ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қымбат Адилмуратовна аудан әкімінің грамотасымен марапатталса, бастауыш сынып мұғалімі Қрықпаева Эльмира аудандық білім бөлімінің мақтау қағазын иеленді. Мұғалімдердің республикалық басылымдар бетіне мақалалары шығып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда орыс тілі пәнінің мұғалімі Едильбаева Майра Асенгазыновна, Мухаметрахимова Жибек Тортаевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Адилмуратова Қымбат Адилмуратовна мен бастауыш сынып мұғалімі Сабырбаева Гульчара Тавкубаевнаның   сабақтары  республикалық басылым беттерінде жарық көрді.