Мектептегі ата-аналар комитетінің жұмысы туралы 2020-2021 оқу жылы
Мектептегі ата-анаар комитетінің жұмысы
2020-2021 оқу жылы
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.Мектептегі ата-аналар комитеті жоспарға сай жұмыс жасайды.
Мақсаты:
Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті
2. Ата-ананың атқаратын міндеті
3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже
«Қазымбет орта мектеп- бақшасы» КММ- де мектепішілік жалпы ата-аналар комитетінің құрамы сайланып жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес жиналыстар , бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Наурыз айында «Пандемия жағдайында жүргізілген тәрбие жұмыстарының есебі», «Мектеп оқушылары арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жөніндегі ведмоствоаралық жоспардың орындалуы туралы», «Кәмлетке толмағандардың ауттодеструктивті мінез құлықтарын анықтау жұмыстары», «Жыныстық тәрбие, ертежүктіліктің алдын алу», «Жасөспірім кезіндегі жауапты қауіпсіз тәртіп» тақырыбында ата-аналармен учаскелік инспектор, акушерлермен бірлескен кең ауқымды жиналыс өткізілді. Және де мектепте қашықтан өткізіліп жатқан іс- шараларға ата-аналар белсенді түрде қатысып отырады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Р.Ахметова