Ерте жүктіліктің алдын алу дөңгелек үстел » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2019

Ерте жүктіліктің алдын алу дөңгелек үстел

«Қазымбет орта мектеп –бақша» КММ

«Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»

 тақырыбында өткен іс-шаралар туралы мәлімет

2019-2020 оқу жылы

        Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қазымбет орта мектеп –бақша» КММ-де 5- 10 сынып оқушылары және ата-аналары арасында «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Бестерек ауылдық округінің акушері Табынбаева Айтолқын Турмановна, мектеп медбикесі Тасубаева Алттынай, учаскелік инспектор Омаров Серік Николаевич, биология пәнінің мүғалімі Айнакулова Майраш Жанабыловна және ата-аналар комитетінің мүшелері шақырылды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметова Р.К. ерте жүктілік оның салдары, қалай алдын алу керек деген тақырыптарда сөз сөйлеп,   қатысушылар назарына слайдтар мен бейнероликтер ұсынды.Кәмелетке толмағандар тәрбиесі жайлы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы Омаров С.Н. дәріс оқып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, яғни зорлау тақырыбында әңгіме жүргізді. Осындай жағдайда қалай әрекет жасау керектігі жайлы ұсыныстар берді. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Бестерек ауылдық округінің акушері Табынбаева А.Т. контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізді. Ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Мектеп медбикесі Тасубаева Алттынай: Ерте жүктілік қауіпті ме? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді, жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Бұның қиындығы — жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, таксикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Ерте жүктіліктің нәтижесі Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналдасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Ал жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы), жас ана тығырыққа тіреледі; білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктіліктің салдарынан болатын жиі кездесетін оқиға. Сынып жетекшілер тарапынан Воказе Ж.Ж.және Қырықпаева А.Ж. «Мұны әр қыз білуі керек»   деген тақырыпта оқушыларға арналған кеңестер берді.Іс-шара соңында жиынға қатысушы ата-аналар және мектеп директоры Мухаметрахимова Ж.Т. , оқу ісінің меңгерушісі Адильмуратова Қ.А. сөз сөйлеп өз ойларын айтты. «Қызға 40 үйден тыйым» деп аталатын  тыйым сөздер ақпараттық тақтаға жазылып ,түсіндіріліп өтті.Ұл-қыздар қиындықтан аман болсын!



Тәрбие ісінің меңгерушісі:Ахметова Р.К.