"Мектепке жол" акциясы » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2019

"Мектепке жол" акциясы

"Мектепке жол" акциясы
"Мектепке жол" акциясы
"Мектепке жол" акциясы
"Мектепке жол" акциясы
«Мектепке жол» акциясы


2019 жылғы 15 тамыз- 15 қыркүйек аралығында «Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ-де «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Осыған орай акцияны жан-жақты ұйымдастырып өткізудің іс-шаралар жоспары жасалып, акцияның өтілуіне жауапты тұлғаларды (оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері, тәлімгер, психолог, сынып жетекшілері) бекітілді. Акция аясында мектеп ұстаздары және ата-аналар қоғамдастығымен бірлесіп әр отбасы балаларының үйіне күндізгі және кешкілік рейдтер жүргізілді. Акцияға ықтимал демеушілерді тарта отырып, рейдтік шаралар барысында бекітілген тиісті мөлтек аудандарды аралап, балаларды мектепке қамтуға көңіл бөлінді.Мектеп табалдырығын аттаған 1 сыныптың 12 оқушысына мектеп ұжымының демеушілігімен 1 – қыркүйек күні оқу құралдары берілді.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Р.К. Ахметова