28
март
2018
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жолында.
Қазіргі таңда індетке айналып, күресті күшейтуді қажет етіп тұрған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық екені белгілі. Осыған байланысты «Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ-де «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клубы ұйымдастырылды. Аталған клуб қызметінің жоспары құрылып, түрлі бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша плакаттар мен жадынамалар таратылды. Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет байқауы, «Жемқорлықпен қалай күресеміз?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Сонымен қатар, «Жемқорлық ғасыр дерті» атауымен театрланған көрініс қойылып, өткізілген шара туралы аудандық білім бөліміне мәлімет жіберілді.
Жас ұрпақтың бойына адалдық пен әділдік сияқты ізгі қасиеттерді сіңіріп, қоғамдағы дертке айналған міндеттерден аулақ болуға тәрбиелеу бағытындағы шаралар жалғасын табады.
«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ
Лаура Турсымбаева
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Жас ұрпақтың бойына адалдық пен әділдік сияқты ізгі қасиеттерді сіңіріп, қоғамдағы дертке айналған міндеттерден аулақ болуға тәрбиелеу бағытындағы шаралар жалғасын табады.
«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ
Лаура Турсымбаева
Тәрбие ісінің меңгерушісі