Жетістіктеріміз » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2020

Жетістіктеріміз

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ  

2019-2020 оқу жылының жетістіктері

Мектепте   барлығы 20 мұғалім қызмет атқарады.Оның ішінде жоғары  білімді-17 , арнаулы орта- 3. Жоғары санатты -6, 1-санатта – 7,  2-санатта -3 ,    Санатсыз-4 мұғалім.

 Биылғы оқу жылында санаттарын көтеруге 4 мұғалім  кезекті түрде өтініш білдірді. Оның ішінде  «педагог-сарапшы» санатына  -3 мұғалім,  Мухаметрахимова Ж, Едильбаева М- орыс тілі пәнінің мұғалімдері  және Баймуратов Е.  технология пәнінің мұғалімі, «педагог-модератор» санатына- 1 мұғалім Нурбекова Э. Физика пәнінің мұғалімі. 2019-2020 оқу жылының басында  әдістемелік кеңес отырысында жоспар бекітіліп , сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесіне орай мектебімізде «IT сыныбының» ашылу салтанаты өткізілді. 22-қыркүйек тілдер мерекесі қарсаңында мектепішілік, сыныптан тыс қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сайыстар мен кештер және «Ұлы Абайдың 175 жылдық» мерейтойына орай іс-шаралар ұйымдастырылды.« Ұстаздар күні» мерекесіне орай мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылып, қарт ұстаздарымыз аудандық мақтау қағаздарын иеленді. Сондай-ақ, мектепішілік «Біздің Ұжым» атты тренинг өткізілді. Химия және биология пәнінің мұғалімі Айнакулова Майра Жанабыловна «Дәрілік өсімдіктер» атты аймақтық конференция өткізіп, конференцияға аймақтық мектептердің ұстаздары қатыстырылды.  Аудан көлемінде өткізілген «Жан жылуы- жанұяға» атты акцияға мектебіміз атсалысты.   «Елбасы күні», «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік ісшаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, өткізілді. Аудандық «Асыл мұра» байқауына мектеп ұстаздары қатыстырылып, мақтау қағазымен марапатталды. Мектепте пән апталықтарының  мерзімі бекітіліп, қараша айында  Бастауыш сынып  бірлестігінің   онкүндігі  өтті. Онкүндік  барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар көрсетті. Қазіргі таңда 2 әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.Бірлестік жетекшілері, бірлестік   жоспарларын бекітіп, отырыстары өткізілді. 2019-2020 оқу жылында қазан-желтоқсан айында  пәндік қиындылар алынып, соның нәтижелері бойынша қабілетті және нашар оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Мектепішілік пәндердің берілуі, журнал, пәндік дәптерлер үнемі тексеріліп, оқушылардың оқу жылдамдығы, күнделіктері мен сабаққа қатысу барысы да қалыс қалмайды.   ОЖСБ -ға  дайындық ретінде 4 және 9 сыныптардың оқушылары ОЖСБ-ның өту барысы, жауап парақтарының толтырылу жолдары таныстырылып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жылдың басында 3 мұғалім біліктілікті арттыру курсында  өз білімдерін жетілдіріп келді. Олар: Серик М. Ж-мектеп психологы, Қошанова Г.О  кәсіпкерлік және бизнес пәнінің мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі Қ.Адилмуратова. Сонымен қатар 9 мұғалім аудандық, облыстық, республикалық мақтау қағаздарын иеленді. Олар: Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Келешекке кемел біліммен» атты тамыз кеңесінде аудан әкімі С. З.Зайнулдиннің алғыс хатын иеленді, Бастауыш сынып мұғалімі Крыкпаева Эльмира Серикпаевна аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жунусованың мақтау қағазын және республикалық  Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ұйымдастырған «Ата-анамның өміріндегі бір күн» атты эссе байқауында жұмыстары «Үздік» деп танылғаны үшін марапатталды. Мухаметрахимова Жибек Тортаевна республикалық Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ұйымдастырған «Ата-анамның өміріндегі бір күн» атты эссе байқауында жұмыстары «Үздік» деп танылғаны үшін марапатталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Боранбаев Қайратбек Турсынбекович «Жыл мұғалімі» атты марапатқа ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қырықбаева Ақерке Жасдәуренқызы «Шеберлік шыңы» атты жас мамандар сайысына қатысып, марапатталды және музыка пәнінің мұғалімі ретінде аудандық «Біз -Қазақстанның жарқын болашағымыз» атты патриоттық әндер байқауына қатысып, мақтау қағазын иеленді. Қоғамтану пәнінің мұғалімі Қошанова Гульмира Онгарбаевна облыстық «Нұр Отан» партиясының мақтау қағазын иеленді. Технология пәнінің мұғалімі Баймуратов Ерлан Бахтиярович ауылдық округ әкімі Ғалия Әріннің мақтау қағазын иеленді.«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ бойынша жылдың басында қабілетті оқушылардың тізімі анықталып, жұмыс жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 27 оқушы кабілетті деп тіркелген, сол оқушылармен әр пән мұғалімі жұмыс атқаруда. Мәселен аудандық «Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай өткізілген «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқуларына 8- сынып оқушысы Есенбай Олжас қатысып, алғыс хат иеленді. Республикалық Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ұйымдастырған «Ата-анамның өміріндегі бір күн» атты эссе байқауында жұмыстары «Үздік» деп танылғаны үшін 8- сынып оқушысы Рахимбекова Айым мен 10-сынып оқушысы Тұрлыбеков Нариман марапатталды.   Аудандық «Озық ойлы оқушы» интелектуалдық байқауына 10- сынып оқушысы Жакенов Алихан қатысып,  белсенділік танытқаны үшін алғыс хат иеленді. Облыстық   «Руский медвежонок» конкурсына 5 оқушы қатысып, сертификаттарды иеленді. «Балапан» конкурсына 14 оқушы қатыстырылды, нәтижесі күтілуде. «British bulldog” конкурсына 5 оқушы қатысып, сертификаттарды иеленді. Облыстық «Асыл тас» конкурсына 20 оқушы қатыстырылды. «Поэзия падишасы» атты аудандық Ф. Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілген  өлең оқу сайысына 2 оқушы тіркелді. Аудандық «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» атты жобаға 9-сыныптың 3 оқушысы қатысып, мақтау қағазын иеленді.   Аудандық «Жайдарманға» 6 оқушымыз қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аудандық «Біз -Қазақстанның жарқын болашағымыз» атты патриоттық әндер байқауына Есенбай Олжас қатысып, мақтау қағазын иеленді. Республикалық «Айқанат» олимпиадасына 9- сыныптың 1 оқушысы тіркеліп, дайындық жұмыстары жүргізілді. Ол Анарбек Санжар ағылшын тілі пәнінен.   Аудандық өзін-өзі тану пәнінің олимпиадасына 10- сынып оқушысы Амурбаев Айдар қатыстырылды. Аудандық «Қуыршақтар театры-2019» сайысына бастауыш сыныптың 6 оқушысы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қараша айында мектепішілік «Ізденіс» атты негізгі пәндер олимпиадасы ұйымдастырылып, нәтижесінде 4 оқушымыз аймақтық негізгі пәндер олимпиадасына қатыстырылды, олар: Жакенов Алихан 10-сынып оқушысы, орыс тілі пәнінен, Амурбаев Айдар 10- сынып оқушысы география пәнінен, Тұрлыбеков Нариман 10-сынып оқушысы қазақ тілі пәнінен және 9-сынып оқушысы Сулейменов Рашид қоғамтану пәнінен. Аудандық «Мерейлі отбасы» сайысында «Анарбек жанұясы» жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жаңа жыл мерекесіне орай «Үздік оқушы» атты мақтау қағазымен 10- сынып оқушысы Жакенов Алихан ауылдық округ әкімі Ғалия Әріннің мақтау қағазымен марапатталды. “BRITISH BULLDOG” облыстық конкурсында сертификатқа ие болған оқушылар: 5-сынып оқушысы-Айтжанова Дильнур 5-сынып оқушысы – Нұрдәулет Нұрсая 8-сынып оқушысы –Есенбай Олжас 8-сынып оқушысы – Нурмухаметов Тимур 6-сынып оқушысы – Нұрдәулет Еділ“Русский медвежонок” халықаралық конкурсына қатысып сертификат иеленгендер: 3-сынып оқушысы – Сайн Айерке, 3-сынып оқушысы – Маратова Айсулу

2-сынып оқушысы- Анарбек Еркебулан, 5-сынып оқушысы- Айтжанова Дильнур 

2-сынып оқушысы -Рахимбекова Ұлжан. Облыстық «Балапан» конкурсының жүлдегерлері: Болатбекова Таңсу- ІІ орын балабақша тәрбиеленушісі Белехан Аңсар- ІІІ орын балабақша тәрбиеленушісі Әмірғазы Мейржан –ІІ орын балабақша тәрбиеленушісі Нұрдәулет Естай – ІІ орын балабақша тәрбиеленушісі Сайлауова Толғанай- ІІІ орын- 2 сынып оқушысы. Мұратқан Қайсар- - ІІІ орын - 2 сынып оқушысы. Облыстық «Асыл тас» конкурсының жүлдегерлері: Винокуров Богдан - 1 сынып оқушысы ІІІ орын Мұратқан Жігер - 1 сынып оқушысы ІІІ орын.Тұрлыбек Нұрислам - 1 сынып оқушысы ІІІ орын иеленді. ІV тоқсан «Қашықтан оқыту» кезіндегі Мектеп оқушыларының жетістіктері

Өзін-өзі тану пәнінен Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде І орын алғаны үшін Сайлауова Балауса марапатталды.Пән мұғалімі Ахметова Р.Қ 3- сынып оқушысы Сайн Айерке «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты Республикалық байқауға бейнеролик жариялап, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Крыкпаева Эльмира Серикпаевна. 8-сынып оқушысы Рахимбекова Айым «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Крыкпаева Эльмира Серикпаевна «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты Республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Турсымбаева Лаура Саяхатовна. 2-сынып оқушысы Тлеубек Алихан  «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Актамбердинова Лейла Мухаметкалиевна. 6-сынып оқушысы Нұрдәулет Еділ  «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:   Воказе  Жанат  Жунусовна. 4-сынып оқушысы Есенбай Нұртас Жарқынұлы  «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:   Шиныбаева Жанар Елшибаевна. 9- сынып оқушысы Сулейменов Рашид  «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:   Альжанова Шолпан Маратовна. 2019-2020 оқу жылы ІV тоқсан «Қашықтан оқыту» кезіндегі пән мұғалімдерінің жетістіктері: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қырықбаева Ақерке Жасдәуренқызы Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері атанды. Республикалық «Өрлеу» порталына еңбектерін жариялағаны үшін сертификат иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Сабырбаева Гульчара Тавкубаевна Мамыр айында өткізілген Республикалық «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» блиц-турнирінің І орын жеңімпазы, Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының сертификатын иеленді. Республикалық «Ұстаз тілегі» сайтына оқу-әдістемелік материалын жариялап, сертификат иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері атанды. Физика және информатика пәнінің мұғалімі  Турсымбаева Лаура Саяхатовна Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері атанды. «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты Республикалық байқауға үлес қосқаны үшін алғыс хат иеленді. Бүкілресейлік «Ашық сабақ» атты талант сайысында жүлделі ІІ орынмен, Бүкілресейлік «Сабаққа арналған презентация» атты талант сайысында жүлделі І орынмен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімі  Шиныбаева Жанар Елшибаевна Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды. «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста белсенділік танытқаны және  жас ұрпақты тәрбиелеудегі үздік жетістігі үшін алғыс хат иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Актамбердинова Лейла Мухаметкалиевна Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды. «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста белсенділік танытқаны және  жас ұрпақты тәрбиелеудегі үздік жетістігі үшін алғыс хат иеленді. Химия және биология пәнінің мұғалімі Айнакулова Майраш Жанабыловна Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайтыбірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Альжанова Шолпан Маратовна Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды. «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста белсенділік танытқаны және  жас ұрпақты тәрбиелеудегі үздік жетістігі үшін алғыс хат иеленді. Тарих  пәнінің мұғалімі Воказе  Жанат   Жунусовна Республикалық «Өрлеу» порталына еңбектерін жариялағаны үшін сертификат иеленді. «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста белсенділік танытқаны және  жас ұрпақты тәрбиелеудегі үздік жетістігі үшін алғыс хат иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі  Крыкпаева Эльмира Серикпаевна Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасының

  ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды. «Бақыт- отбасынан басталады» атты Республикалық конкурста белсенділік танытқаны және  жас ұрпақты тәрбиелеудегі үздік жетістігі үшін алғыс хат иеленді. «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты Республикалық байқауға үлес қосқаны үшін алғыс хат иеленді. Бүкілресейлік «Мұғалімнің жобасы » атты талант сайысында жүлделі 4 орынмен, Бүкілресейлік «Сабаққа арналған презентация» атты талант сайысында жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Бүкілресейлік «Мектеп мерекесінің сценарийі» атты талант сайысында жүлделі І орынмен марапатталды. «Қашықтан оқыту» барысында 3 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті, олар: Турсымбаева Л, Крыкпаева Э, және Баймуратов Е, сонымен қатар мектеп тәлімгері Крыкпаева Э, дінтану пәнінен Воказе Ж. қашықтықтан курстан өтті Мектепішілік бақылаулар, өзара тәжірибе алмасулар барысында тәжірибелі ұстаздар тарапынан үнемі ұсыныстар айтылып талдаулар жасау арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Мектеп бойынша І тоқсандық білім сапасы –77 % құрап, үздіктер саны – 24, екпінділер саны – 11, І І тоқсандық білім сапасы –77 % құрап, үздіктер саны –  24, екпінділер саны – 11 болды. ІІІ тоқсандық білім сапасы –77 % құрап, үздіктер саны – 29, екпінділер саны –14 ІV тоқсандық білім сапасы –77 % құрап, үздіктер саны – 29, екпінділер саны –14 болды.