Атестаттау қорытындысы » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2020

Атестаттау қорытындысы

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ бойынша

2019-2020 оқу жылында

Мұғалімдерді аттестаттау қорытындысы туралы 

Анықтама


Педагог кадрларды «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында  жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ережеге сәйкес  2019-2020 оқу жылында аттестаттауға өтініш берген ұстаздардың жұмыстары қаралды. 2019-2020 оқу жылында біліктілік тестілеуден өткен 3 мұғалім:

1.Едильбаева Майра Асенгазыновна 02.03.1967 жылы дүниеге келген. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білімі-жоғары. Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық  институтын бітірген. Санаты- жоғары. пед. өтілі- 30 жыл. Едильбаева Майра Асенгазыновна 1988 жылы Маяковский орта мектебінде еңбек жолын бастады. 1991 жылдан бастап Қазымбет орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Майра Асенгазыновна өз жұмысына деген ынтасы мен іскерлігі жоғары, іздене біледі. Майра Асенгазыновна өз пәнінің білгір маманы. Әдістемелік шеберлігі жоғары ұстаз. Биылғы оқу жылында 4 сыныпта «Гордимся мы своей страной», 5 сыныпта «Мой друг », 7 сыныпта «Рассказ»  атты тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар «Знатоки русского языка», «Ты наш друг родной язык» атты сыныптан тыс шара, «ХХІ ғасыр көшбасшысы»   интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырды. 2016-2017 оқу жылында аудандық тамыз кеңесінде «Пути активизации речевой деятельности учащихся» атты баяндама жасады. 2016-2017 оқу жылында мектепішілік педагогикалық кеңесте «Речевая деятельность на уроке русского языка » атты баяндама жасады. Мектепішілік әдістемелік кеңесте 2017-2018 оқу жылында «Развитие орфоргафической зоркости на уроках руского языка» атты баяндама жасады.   Майра Асенгазыновна әдістемелік білімін көтеру бағытында үнемі ізденіс үстінде жүреді, мектепте өтетін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Сабақтарында заман талабына сай  «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының элементтерін, көрнекіліктерді және техникалық құралдарды орынды пайдаланады. Сабақ беруде, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда үнемі ізденіс үстінде. Өзінің сабақ беретін орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін көтеру бағытындағы жұмыстары өте жақсы деңгейге қойылған. 2017-2018 оқу жылында аудандық «Үздік әдістемелік бірлестік – 2018» байқауына белсене қатысқаны үшін гуманитарлық бірлестігімен марапатталды. 2018-2019 оқу  жылында аудандық «Үштілділікті дамыту» мақсатында өткізілген семинарда 2 сыныпта «Я выбираю здоровье» атты десантсабақ өткізді. 2016-2017 оқу жылында «Философияны оқыту: мәселелері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда «Язык как критерий подлинного оброзования» атты баяндама жасады. 2019-2020 оқу жылында «Болашаққа бағыт» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналда «Общее сведения о русском языке» атты ашық сабағын жариялап, алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы  Модуль «Имя существительное» дидактический материал для организации коллективных учебных занятий по русскому языку в школе с государственным языком обучения» атты әдістемелік құралын жариялады. 2018-2019 оқу жылында «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Ғылым жолында» республикалық ғылыми жоба байқауында оқушысы Жакенов Алихан Ідәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық ғылыми жоба байқауына шәкірт дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. 2016-2017 оқу жылында халықаралық «Русский медвежонок» конкурсында 5 сынып оқушысы Катт Даниил, 9 сынып оқушысы Катт Эдуард, 2 сынып оқушысы Анарбек Мерей, 7 сынып оқушысы Сайлауова Перизат 8 сынып оқушысы Жакенов Алихан,  6 сынып оқушысы Есенбай Олжас сертификаттарын иеленді. 2019-2020 оқу жылында халықаралық «Русский медвежонок» конкурсында 3 сынып оқушысы Маратова Айсулу, 5 сынып оқушысы Айтжанова Дильнур, 3 сынып оқушысы Сайн Айерке, 2 сынып оқушысы Анарбек Еркебулан, Рахимбекова Ұлжан сертификаттарын иеленді. 2017 жылы «Болашағымыздың тұтқасы- жас жеткіншектерге сапалы білім мен тәлімді тәрбие бергені үшін» аудан әкімі С. Зайнулдинның құрмет грамотасымен марапатталды.   2017 жылы аудан мектептері арасында өткен «Өнегелі өмірдің бастауы- ұстаздар» атты байқаудың аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. 2019 жылы аудан мектептері арасында өткен «Өнегелі өмірдің бастауы- ұстаздар» атты байқаудың аудандық кезеңінде жүлделі І орынмен марапатталды.Жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастыруда да Майра Асенгазыновна өзінің ізденгіш, жан-жақты тәрбиеші екендігін көрсете білді. Ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеп, оқушылар арасында да үлкен беделге ие ұстаз. 

2.Нурбекова Эльмира Болатбековна  06.01.1981 жылы дүниеге келген. Физика пәнінің мұғалімі. Білімі-жоғары. Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Санаты- жоқ. пед. өтілі- 9 жыл. Нурбекова Эльмира Болатбековна  2016 жылдан бастап «Қазымбет орта мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.  Эльмира Болатбековна  өз жұмысына деген ынтасы мен іскерлігі жоғары, іздене біледі. Эльмира Болатбековна   өз пәнінің білгір маманы. Әдістемелік шеберлігі жоғары ұстаз. Биылғы оқу жылында 7 сыныпта «Өлшеудің дәлдігі мен қателігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу», 8 сыныпта «Ішкі энергия », 9 сыныпта «Векторлар және оларға амалдар қолдану»  атты тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар «МИФ» атты сыныптан тыс шара, «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырды. 2017-2018 оқу жылында мектепішілік педагогикалық семинарда «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешім » атты баяндама жасады. Эльмира Болатбековна   әдістемелік білімін көтеру бағытында үнемі ізденіс үстінде жүреді, мектепте өтетін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Сабақтарында заман талабына сай  «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының элементтерін, көрнекіліктерді және техникалық құралдарды орынды пайдаланады. Сабақ беруде, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда үнемі ізденіс үстінде. Өзінің сабақ беретін физика пәні бойынша оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін көтеру бағытындағы жұмыстары өте жақсы деңгейге қойылған. 2019-2020 оқу жылында республикалық «TIO.KZ» дәстүрлі интернет олимпиадасында физика пәнінен жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. 2018-2019 оқу жылында  аудандық «Үздік сынып жетекшісі» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді. 2017 жылы аудан мектептері арасында өткен «Өнегелі өмірдің бастауы- ұстаздар» атты байқаудың аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. 2019 жылы аудан мектептері арасында өткен «Өнегелі өмірдің бастауы- ұстаздар» атты байқаудың аудандық кезеңінде жүлделі І орынмен марапатталды.Жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастыруда да Эльмира Болатбековна  өзінің ізденгіш, жан-жақты тәрбиеші екендігін көрсете білді. Ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеп, оқушылар арасында да үлкен беделге ие ұстаз.   

3. Баймуратов Ерлан Бахтиярович «Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ-де 1994-1995 оқу жылынан бастап физика және математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2005 жылдан  бастап осы мектепте технология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Ерлан Бахтиярович өз жұмысына деген ынтасы мен іскерлігі жоғары, іздене біледі. Ерлан Бахтиярович өз пәнінің білгір маманы. Әдістемелік шеберлігі жоғары ұстаз. Биылғы оқу жылында 7 сыныпта «Лимон қалемшелерін отырғызу», 4  сыныпта «Лего құрастыруды үйрену», 2 сыныпта «Техникалық модельдеу» атты тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар мектеп ауласында «Жеміс-жидектер бағын» отырғызып, мектеп ішінде «Қыстық ботаникалық бақ» жасауға өз үлесін қосты. Мектепішілік әдістемелік кеңесте «12 жылдық білім беру жағдайында технология пәнін оқыту» атты баяндама жасады. Ерлан Бахтиярович әдістемелік білімін көтеру бағытында үнемі ізденіс  үстінде жүреді, мектепте өтетін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Сабақтарында заман талабына сай Қараевтың «Деңгейлік оқыту» технологиясының элементтерін, көрнекіліктерді және техникалық құралдарды орынды пайдаланады. Сабақ беруде, патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда үнемі ізденіс үстінде. Өзінің сабақ беретін технология пәні бойынша оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділіктерін көтеру бағытындағы жұмыстары өте жақсы деңгейге қойылған. 2017 жылы ШҚО Үржар ауданында мұғалімдер күніне орай ұстаздар арасында  шахматтан жекелей турнирде «Жақсы ойын көрсеткені үшін» марапатталды. 2017 жылы ШҚО бойынша мемлекеттік қызметшілердің ХVІ облыстық спартакиадасында аудандар арасында шахматтан ІІ орын алғаны үшін марапатталды. 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президент күніне орай аудандық дойбы жарысында жүлделі ІІІ орын алғаны үшін марапатталды. 2016 жылы «Өнегелі өмірдің бастауы-ұстаздар» атты аудандық педагогикалық байқауда «Өнерлі мектеп» бағамымен марапатталды. 2018 жылы «Өнегелі өмірдің бастауы-ұстаздар» атты аудандық педагогикалық байқауда «Шығармашыл» бағамымен марапатталды. 2018 жылы  «Шахмат» спортынан аудан оқушыларының командалық жарысында «Үздік команда» дайындағаны үшін марапатталды. 2018 жылы  «Шахмат» жарысында ерлер арасындағы жекелей біріншілікте ІІ орын алғаны үшін марапатталды. 2019 жылы  Республикалық көркем еңбек (қыздар) пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасының жүлдегері. 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша   көркем еңбек (ұлдар) пәнінен жеңімпаздарды дайындағаны үшін марапатталды. 2018 жылы  «Технология пәнін оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктері» атты авторлық бағдарламасын жариялады. Республикалық USTAZ tilegi сайтында «Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Ауа перспективасы.» атты сабағы жарияланды. 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша   көркем еңбек (ұлдар) пәнінен олимпиадада 8- сынып оқушысы Есенбай Олжас ІІІ орынмен марапатталды. 2019 жылы  Республикалық көркем еңбек (қыздар) пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасында 5-сынып оқушысы Айтжанова Дильнар сертификат иеленді.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастыруда да Ерлан Бахтияровичтің өзінің ізденгіш, жан-жақты тәрбиеші екендігін көрсете білді.   

Ұсыныс: Ұстаздардың жұмыстарын  қарастыра келе комиссия мүшелері аттестатталушы адамдар мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді деп танылсын.

2020-2021 оқ жылына кезекті түрде аттестатциядан өтетін мұғалімдер тізімі бекітілсін :

№

мектеп

аты жөні

пәні

білімі  

еңбек өтілі

соңғы аттестат. өткен жылы

1

"Қазымбет орта мектеп-бақша "кмм

Ахметова Рахила Қабыловна

химия/ биология

жоғары       ВКГУ 1996ж

21ж

2016ж

2

"Қазымбет орта мектеп-бақша "кмм

Адилмуратова Қымбат Адилмуратовна

қазақ тілі мен әдебиеті

Жоғары М.Әуезов атындағы Семей Университеті 2004ж

14 ж

2016ж

3

"Қазымбет орта мектеп-бақша "кмм

Шыныбаева Жанар Елшибаевна

бастауыш

ҚазИн Заң Ун 2017 ж 

11ж

2016ж



Похожие публикации:

28 декабрь 2019 Мұғалімдер
14 октябрь 2019 Ата-аналарға
14 октябрь 2019 Мектеп әкімшілігі