Жетістіктер » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2019

Жетістіктер

Оқушылар жетістіктері 2019-2020 оқу жылы


Оқушы дарындылығын арттыру   ,қабілеттерін шыңдау мақсатында «Дарын» орталығы жұмыс жасады.Бұл орталықтың мақсаты дарынды оқушыларды олимпиадаларға, байқауларға дайындау Мектептегі дарынды оқушылар аудан ,облыс көлеміндегі  «Малахит», «Айналайын»  «Асыл тас», «Үркер» интелллектуалды олимпиадаларына қатысып, жүлделі І, ІІ,ІІІ орындарды иеленді. 


Қараша айында мектепішілік олимпиаданың қорытындысы шығарылып,аудандық олимпиадаға баратын оқушылар анықталды.Олимпиаданың қорытындысы бойынша аудандық олимпиадаға 3 оқушы қатыстырылды. Олар: Жакенов Алихан -қазақстан тарихы пәнінен, Амурбаев Айдар- биология пәнінен, Тұрлыбеков Нариман – химия пәнінен қатысып келді, нәтижесінде химия пәнінен 9-сынып оқушысы Тұрлыбеков Нариман жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Мектептегі қабілетті оқушылармен жұмыс барысында облыстық «Айналайын» конкурсына 19 оқушы қатыстырылып, оның 9- оқушысы жүлделі орындарды иеленді. Олар: Есенбай Олжас – 7 сынып оқушысы- ІІІ орын, Мәукен Гүлім- 2 сынып оқушысы-ІІІ орын, Романов Әділжан -3 сынып оқушысы ІІІ орын, Рахимбекова Гүлім -3 сынып оқушысы ІІІ орын, Есенбай Нұртас – 3сынып оқушысы ІІ орын, Сайн Айерке – 2 сынып оқушысы ІІІ орын, Жақсыбаева Назерке- 2 сынып оқушысы ІІІ орын,  Марат Айсұлу- 2 сынып оқушысы  ІІІ орын, Ақылжанова Сағынай – 2 сынып оқушысы ІІІ орын. Республикалық «Айқанат» олимпиадасына 9- сыныптың 3 оқушысы тіркеліп, дайындық жұмыстарын жүргізілді, 10-желтоқсанда «Айқанаттың» І турына қатыстық, нәтижесінде Амурбаев Айдар ІІ кезеңге өтіп сертификат иеленді. Облыстық «Балапан» конкурсына 28 оқушы тіркелді, нәтижесі күтілуде.  Аудандық өзін-өзі тану пәнінің олимпиадасына 9- сынып оқушысы Амурбаев Айдар қатыстырылды. Облыстық «Асыл тас» конкурсына  14 оқушы қатыстырылды, нәтижесінде 7 оқушы жүлделі орындарды иеленді: Анарбек Еркебұлан- 1сынып оқушысы ІІ орын, Тлеубек Алихан- 1 сынып оқушысы ІІ орын, Мұратқан Қайсар -1 сынып оқушысы ІІІ орын, Жұмағазы Балжан- 1 сынып оқушысы ІІІ орын, Қайратов Мирас – 2 сынып оқушысы  ІІ орын, Сайн Айерке – 2 сынып оқушысы ІІІ орын, Сайлау Балнұр – 2 сынып оқушысы ІІІ орын.  Облыстық «Пони Пифагорда қонақта» олимпиадасына 10 оқушымыз қатыстырылды, нәтижесі күтілуде. Аудандық «тоғызқұмалақ» сайысында «Қазымбет ОМ» командасы жүлделі І орынды қанжығалады.«Тарих толқынында» аймақтық семинарға 16 оқушымыз қатыстырылып, «алғыс хат» иеленді.  Орталықтың жұмысының ақсаған тұсы оқушылардың тек аудан көлемінде ғана нәтиже көрсетуі. Облыс, республика көлеміндегі сайыстарға,олимпиадаларға қатысу дұрыс жолға қойылмай келеді. Сол себепті келесі оқу жылында осы жұмыстар басты назарда болуы керек.