28
март
2018
Бес әлеуметтік бастама – ел қамы үшін
Еліміздің саяси – әлеуметтік өмірде елеулі орын алған оқиғаларының бірі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланған болатын. Президент Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды айқындап, көкейінде жүрген ізгі бастамалармен таныстырды. Жоспарланып отырған бес бастама – ел игілігіне арналған ұтымды, ойластырылған жоба екендігіне әр Қазақстандықтың көзі жетіп отыр. ҚР әр азаматтың әлеуметтік жағдайы дұрыс болып, мемлекеттің қолдауын сезінсе, тиісінше ол да өз еліне адал қызмет етері хақ. Соның бірі – баспана мәселесі. Елбасымыз әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бойынша «7-20-25» бағдарламасын ұсынды.
Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру – бастамада көтерілген маңызды мәселелер осылар.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың көрегенділігі мен салиқалы саясаты осы бастамада да көрініс тауып отыр. «Байлық – байлық емес, бірлік - байлық» деген атадан қалған қағиданы ұстанатын халық үшін бірліктің орны бөлек. Кез келген жоспарлар мен бастамаларды да жүзеге асыруда сол татулықтың керегі анық.
«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ
Лаура Турсымбаева
Тәрбие ісінің меңгерушісі