28
март
2018
«Адал ұрпақ» клубының сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары бойынша жүргізілген жұмыс .
Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту мәселесі Елбасының жариялаған Ұлт жоспарында орын алып, 13-қадамда нақтыланған.Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың, қоғамның ортақ міндеті болып табылады.Оған қарсы күресті ең бастысы отбасынан, әр адамның санасынан бастағаны абзал. 8-11 сынып оқушылары арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас өтті. Мақсаты оқушыларға құқықтық тәрбие беру, сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналатынын санасына жеткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушыларға жемқорлықтың қоғамға жат қылық екенін, одан арылу үшін тек маңдай термен алған білім мен адамгершілік қасиет ғана көмектесетінін ұғындыру болды. Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады? Пара бермеу және параны алмау жағдайы жайында хабарланды. Мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырысу керектігін айтып түсіндірілді. Оқушыларға парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беру керектігі айтылды Оқушылар арасында «Шындық жоқ жерде сұмдық көп». Сыбайлас жемқорлықтың жеке тұлғаға тигізетін әсері, зияны қандай? Сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке зияны қандай? Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою мүмкін бе? деген сұрақтар талқыланып , жауап берілді.