Отбасы -бақыт мекені
«Отбасы- бақыт мекені» атты республикалық апта
2020-2021 оқу жылы
Отбасының шешуші ролін тану негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеті болып табылады. Заманауи өмірдегі отбасының ролін арттыру,отбасы құндылықтарын сақтау,ата-ананың мәртебесін сақтау аса маңызды.
Осыған орай «Қазымбет орта мектеп –бақша» КММ –де «Отбасы- бақыт мекені» атты республикалық апта аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.Атап айтсақ:
«Отбасы құндылықтары» (9,10 сыныптар)- Ватцап арқылы дебат;
«Әр отбасы-әлемнің бір бөлігі» (5/7,6/8 сыныптар) - Онлайн альбом;
«Отбасы бақыт- мекені» (1-4 сыныптар) -Онлайн сурет байқауы;
«Отбасымен өткен бір күнім» (1-11 сыныптар) -Видеоролик байқауы;
«Анамның күлкісі» (1-11 сыныптар) – Фотоконкурс.
Іс- шаралардың басты мақсаты- Қазақстанда отбасы иниститутын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, қалыптасқан ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттау.
Жоспарланған іс- шаралар пандемия кезін ескере отырып қашықтықтан ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет Үржар аудандық білім бөлімінің Facebook желісіндегі парақшасына салынды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі:Р.Ахметова