Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы ата-аналар жиналысы
«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық
ата-аналар жиналысы
17.09.2020 күні «Қазымбет орта мектеп- бақша» КММ «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы штаттық режимде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді
Жиналыс үш буынға бөлініп (әр буында 15 ата-анадан қатысты). Бастауыш буын сағат 10:00, орта буын сағат12:00, жоғарғы сыныпта сағат 14:00 – де өткізілді.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
- Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары. Адильмуратова К.А. оқу ісінің меңгерушісі
- Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.Данабекова Н.- мектеп медбикесі
- Штаттық режимде оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі. Адильмуратова К.А. оқу ісінің меңгерушісі
- Баланың оқу режимі және демалысы. Ахметова Р.К. –тәрбие ісінің меңгерушісі
- Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады? Ахметова Р.К. –тәрбие ісінің меңгерушісі
- Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер. Нурбекова Э.Б. – информатика пәні мұғалімі,6/8 сынып жетекшісі.
- Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы. Құсайынова Р.С. –мектеп психологі
- Әр түрлі мәселелер (Ахметова Р.К. Адилмуратова К.А.)
Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, балаларының штаттық режимде оқып отырғандарына риза екендіктерін білдіріп, санитарлық талаптардың орындалуына ат салысатындықтарын айтты. «Балаларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» туралы ата-аналарға арналған жаднама және «Қашықтықтан оқыту жөнінде» балаларға арналған жаднамалар таратылды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Р.К.Ахметова