Жемқорлыққа қарсы күрес » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2019

Жемқорлыққа қарсы күрес

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекет тиімділігіне деген сенімді түсіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді.Біз сыбайлас жемқорлықпен күресуді лезде күшейтуіміз, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әрі қарай жетілдіруіміз қажет, біздің түпкілікті мақсатқа қол жеткізуіміз үшін – сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретінде жоюымыз керек» - деп айтты.
Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерінің алдын алуға бағытталған шаралар қолданылуда.Қазіргі таңда оны жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын артыру қажет, бұл мәселеде құқықтық бедерсіздіктің арқасында кейде олар өздері,абайсыз, сыбайлас жемқорлық сызбасының қатысушылары болып жатады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту мәселесі Елбасының жариялаған Ұлт жоспарында орын алып, 13-қадамда нақтыланған.Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың, қоғамның ортақ міндеті болып табылады.Оған қарсы күресті ең бастысы отбасынан, әр адамның санасынан бастағаны абзал. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізе ала отырып, мектебімізде 1 – 10 сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып , іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылды.Атап айтсақ бастауыш сыныптар арасында «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында тәрбие сағаттары, жоғары сыныптар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас өтті.Мақсаты оқушыларға құқықтық тәрбие беру, сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналатынын санасына жеткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушыларға жемқорлықтың қоғамға жат қылық екенін, одан арылу үшін тек маңдай термен алған білім мен адамгершілік қасиет ғана көмектесетінін ұғындыру болды.Оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта плакаттар шығарды.Мектепте осы тақырыпқа арналған арнайы стенд жасалынды. Биылғы 2019-2020 оқу жылында 13 қыркүйек күні «Жас ұрпақ- Мәңгілік Ел тірегі» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының слеті өтті. Оқушылар «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз» тақырыбында үгіт- насихат жұмыстарын көрсетіп, «Сенің «ЖОҚ!» деп айтуың маңызды» тақырыбында сахналық көрініс көрсетті. Слеттің өтілгені туралы ақпарат пен фото материалдар Factbook әлеуметтік желісіндегі ШҚО білім басқармасының парақшасына салынды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Р.К.Ахметова