22
январь
2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай дана - Абай дара қазақта» атты бастауыш сыныптар арасында өткізілген салтанатты жиын
ШҚО, Үржар ауданы, Қазымбет ауылы, «Қазымбет орта мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 2020 жылдың 22 қаңтары күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бастауыш сыныптар арасында «Абай дана - Абай дара қазақта» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиын Абай Құнанбайұлының жетінші қара сөзінің аудио үнімен басталды. Жиын барысында бастауыш сынып оқушылары Абай өлеңдерін және «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындады.Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінділерін көркем сөзбен жеткізді.
Қорыта келе, оқушылар жиын барысында алған білімдерін сұрақ – жауап арқылы жеткізді.