14
февраль
2020
«Батырлар ерлігіне жүрегіңмен жақында» атты кездесу кеші
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 31 жыл толмақ. Осыған орай «Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ-де 2020 жылдың 14 ақпан күні ауған соғысы ардагері Жұман Ибраевпен мектеп ұстаздары мен 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Батырлар ерлігіне жүрегіңмен жақында» атты кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру .
Кездесу барысында Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісіп, оқушылардың өзекжарды сұрақтарына жауап берді.![]()