12
февраль
2020
«Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында тренинг
2020 жылдың ақпан айының 12 күні «Қазымбет орта мектеп - бақша» КММ - де психолог Серік Мадинаның ұйымдастыруымен, «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында тренинг болды. Тренингке мектеп оқушыларының ата – аналары қатысты.
Тренингтің мақсаты ата-ана мен мектеп арасында байланыс орнату. Тренинг бірнеше кезеңдерден құралған. Ата-аналар бұл тренингте «Бала өмірінде ата-ананың рөлі» атты видео ролик көрсетіліп, ата-аналар өз ойларымен бөлісті. Әр кезеннің соңында қазіргі таңдағы балалардың психологиялық ойлау қабілеттерінің өзгеруі, отбасында қандай тәрбие алып жатқаны, ата - ана баласына қаншалықты уақыт бөлетіні туралы сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Тренинг тартымды да тартысты өтті. Тренингтің соңында ата - аналар тренинг туралы өз ойларын айтып, алғыстарын білдірді.