Әдістемелік жұмыстың қорытындысы 2020-2021 оқу жылы » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2021

Әдістемелік жұмыстың қорытындысы 2020-2021 оқу жылы

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ

2020-2021 оқу жылы  бойынша

әдістемелік  жұмыстың   қорытындысы

            

Әдістемелік тақырып: «Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану арқылы қоғам талабына сай, білімді, жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру»

Мақсаты: «Жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандарт талаптарын орындай отырып, сапалы да тиянақты білім беру»


Мектепте   барлығы 21 мұғалім қызмет атқарады.Оның ішінде жоғары  білімді-18 , арнаулы орта- 3. Жоғары санатты -7, 1-санатта – 6,  2-санатта -5 ,    Санатсыз- 4 мұғалім.

Биылғы оқу жылында санаттарын көтеруге 4 мұғалім  кезекті түрде өтініш білдірді. Оның ішінде  «педагог-сарапшы» санатына  -2 мұғалім,   Шиныбаева Жанар Елшибаевна бастауыш сынып мұғалімі, Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна қазақ тілі пәнінің мұғалімі,   «педагог-зерттеуші» санатына -1мұғалім Ахметова Рахила Қабыловна өзін-өзі танупәнінің мұғалімі, «педагог-модератор» санатына- 1 мұғалім Абдылкайрова Айгуль Айтбековна балабақша тәрбиешісі. Қаңтар айындағы тестілеу қорытындысына сәйкес 1 мұғалім педагог-сарапшы-Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна қазақ тілі пәнініңмұғалімі, 1 мұғалім педагог-зерттеуші-Ахметова Рахила Қабыловнаөзін-өзітану пәнінің мұғаліміаттестатциядан өтті. Екі мұғалім:Шиныбаева Жанар Елшибаевнабастауыш сынып мұғалімі, Абдылкайрова АйгульАйтбековна балабақша тәрбиешісі маусым айында қайта тестілеуге барады.

2020-2021 оқу жылының басында   әдістемелік кеңес отырысында жоспар бекітіліп , сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, 22-қыркүйек тілдер мерекесі қарсаңында мектепішілік, сыныптан тыс қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сайыстар мен кештер онлайн түрде ұйымдастырылды. Коронавирустық инфекцияның  алдын-алу, санитарлық талаптарды сақтау мақсатында 1-11 сынып оқушылары арасында диктант жұмысы ұйымдастырылып, оқушылар диктант жазды.«Қарттар күні» мерекесі онлайн түрде ұйымдастырылды Қараша айында «Бастауыш сынып» бірлестігінің «Сенде бір кірпіш дүниеге...» атты онкүндігі, қаңтар айында «Политехникалық пәндер бірлестігі», ақпан айында «Гуманитарлық пәндер бірлестігі» онкүндігі және «Жас мамандар» апталығы өткізілді.Мектепішілік «ІЗДЕНІС» атты пәндік олимпиадалар ұйымдастырып, қорытындысы бойынша 2 оқушы аудандық олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысты. Олар: 9-сынып оқушысы Есенбай Олжас- қазақ тілі пәнінен және тарих пәнінен 11- сынып оқушысы Тұрлыбеков Нариман қатысты. Нәтижесінде 9-сынып оқушысы Есенбай Олжас- қазақ тілі пәнінен  жүлделі І орынды иеленді.Қазіргі таңда 4 әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

Бірлестік жетекшілері, бірлестік   жоспарларын бекітіп, отырыстары өткізілді. 2020-2021 оқу жылында қазан-желтоқсан-наурыз айларында  пәндік қиындылар алынып, соның нәтижелері бойынша қабілетті және нашар оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Мектепішілік пәндердің берілуі, журнал, пәндік дәптерлер үнемі тексеріліп, оқушылардың оқу жылдамдығы, күнделіктері мен сабаққа қатысу барысы да қалыс қалмайды.   ОЖСБ -ға  дайындық ретінде 4 және 9 сыныптардың оқушылары ОЖСБ-ның өту барысы, жауап парақтарының толтырылу жолдары таныстырылып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жылдың басында 11 мұғалім біліктілікті арттыру курсында  өз білімдерін онлайн түрде жетілдірді. Олар: «Қашықтан оқып үйренемін» курсынан Қ.Адилмуратова, Н.Саудабекова, Ж.Мухаметрахимова,Е.Байбосов және Е.Баймуратов, Иштымбаева Ф, Абдылкайрова А.инклюзивті білім беру курсынан   бастауыш сынып мұғалімі Крыкпаева Э, Альжанова Ш, Едильбаева М. және балабақша тәрбиешісі Иштымбаева Ф. өтті. «Ұстаздар күні» мерекесіне орай аудандық білім бөлімінің басшысының алғыс хатымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Едильбаева Майра Асенгазыновна мен  тарих пәнінің мұғаліміВоказе Жанат Жунусовна  марапатталды. Облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белсенділік танытқаны үшін Крыкпаева Эльмира Серикпаевнаалғыс хатпен марапатталды. Аудан көлемінде тәлімгерлер арасында ұйымдастырылған «Үздік жыл тәлімгері-2020» байқауында  «Үздік жыл тәлімгері-2020» бағамыменКрыкпаева Эльмира Серикпаевнамарапатталды. Аудандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұстазым-мақтанышым» аймақтық жобасы бойынша ұйымдастырылған «Үздік ауыл мұғалімі-2020» атты аудандық байқауында «Шығармашыл мұғалім» бағамымен Воказе Жанат Жунусовна  аудандық білім бөлімінің басшысының алғыс хатымен марапатталды.«Daryn.online»білім беру платформасы мен «Qaztest.kz» олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен 6 мұғалім қатысып, жүлделі ІІ-ІІІ орындардыжәне сертификат иеленді. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қырықбаева Ақерке Жасдәуренқызы,Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна қазақ тілі пәнінің мұғалімі,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Едильбаева Майра Асенгазыновна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухаметрахимова Жибек Тортаевна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Альжанова Шолпан Маратовна және тарих пәнінің мұғалімі Воказе Жанат Жунусовна  сертификат иеленді. Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық «Qazan.INFO» сайты ұйымдастырған Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты республикалық қашықтық олимпиадасындақазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кржибаева Сәуле Мураткановна І дәрежелі дипломмен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилмуратова Кымбат Адилмуратовна І дәрежелі дипломменмарапатталып, жеңімпаз атанды.ҚР Тұңғыш Президенті қоры  сыйлығының иегері «Qaztest.kz» олимпиада  ұйымдастыру комитеті жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған V Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының жүлдегері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Саудабекова Назгуль Болатбекқызы ІІ дәрежелі дипломмен, мектеп психологы Серік МадинаІІІ дәрежелі дипломмен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кржибаева Сәуле Мураткановна ІІ дәрежелідипломмен  марапатталды. «Ustaz.tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн-олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кржибаева Сәуле Мураткановна марапатталды. «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығы ұйымдастырған Барлық білім беру ұйымдарының орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні педагогтарының арасында өткен республикалық олимпиадада орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Едильбаева Майра Асенгазыновна ІІ дәрежелі дипломмен, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухаметрахимова Жибек Тортаевна ІІІ дәрежелі дипломменмарапатталды.«Tio.kz» Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиада сайты ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасында білім алушылардың ынтасын арттыруға, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне қосқан үлесі үшін ағылшын тілі пәнінің мұғаліміСаудабекова Назгуль Болатбекқызы алғыс хат және құрмет грамотасымен марапатталды. Республикалық «Дарынды жастың тірегі- білікті Ұстаз» атты байқауға атсалысып, қатысқаны үшін балабақша тәрбиешісі Иштымбаева Фарида Кайргазовна алғыс хат және сертификатпен, даярлық топ тәрбиешісі Абдылкайрова Айгуль Айтбековна алғыс хат және сертификатпен марапатталды. «Bilim Edu» платформасы білімін және біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІV республикалық«Bilim Edu» олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімі Сабырбаева Гульчара Тавкубаевна І дәрежелі дипломмен марапатталды.«Daryn.online»білім беру платформасы мен «Qaztest.kz» олимпиада сайты бірлесіп бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған Республикалық  олимпиаданың математика пәні бойыншабастауыш сынып мұғалімі Сабырбаева Гульчара Тавкубаевна жүлдегері атанып,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектеп мұғалімдерінің « Функционалдық сауаттылық: Міндеттер мен тиімді тәжірибелер» форумына қатысқаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері Сабырбаева Гульчара Тавкубаевна және Актамбердинова Лейла Мухаметкалиевна сертификат иеленді.Мектеп психологы Серік МадинаҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педагогтермен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік психолог-2021» атты республикалық байқауға қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды.

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ бойынша жылдың басында қабілетті оқушылардың тізімі анықталып, жұмыс жоспары бекітілген.Жоспарға сәйкес 21 оқушы кабілетті деп тіркелген, сол оқушылармен әр пән мұғалімі жұмыс атқаруда. Мәселен  облыстық «Айналайын» конкурсына 2 оқушы қатысып, 9-сынып оқушысы Есенбай Олжас жүлделі-2-орынды иеленсе, 5-сынып оқушысы Есенбай Нуртас қатысқаны үшін сертификат иеленді. Халықаралық «Русский медвежонок» конкурсында 6-сынып оқушысы Айтжанова Дильнар жүлделі І орынды иеленді. Республикалық «Айқанат» олимпиадасына 9- сыныптың 3 оқушысы Есенбай Олжас эссеге, Нурмухаметов Тимур физика пәнінен, Саятұлы Ерасыл география пәнінен тіркеліп, үш оқушы аудандық кезеңге қатыстырылды, нәтижесінде 2 оқушы ІІ кезеңге қатыстырылды. Олар: Есенбай Олжас және Нурмухаметов Тимур. 8-сынып бойыншаРеспубликалық «Айқанат» олимпиадасына 3 оқушы тіркелген, 2 оқушы ІІ кезеңге қатыстырылды.Олар: Анарбек Шахназ және Алтынбеков Қуаныш. Аудандық 5-6-сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен Айтжанова Дильнур, қазақстан тарихы пәнінен- Нұрдәулет Нұрсая, жаратылыстану пәнінен- Романов Әділжан  олимпиадаға қатысып, екінші кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңнен 5-6-сынып оқушылары арасындажаратылыстану пәнінен- Романов Әділжан  олимпиадаға қатысып  жүлделі 3 орында иеленді. Республикалық «Мың бала» олимпиадасына 5-6 сынып оқушылары қатысты, нәтижесі күтілуде.Республикалық «PROGRESS» интеллектуалдық-ғылыми орталығы ұйымдастырған география пәнінен пәндік олимпиадада 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Еділ жүлделі І орынды иеленді. «Primus Development Genter» бейнелеу өнері халықаралық балалар орталығы ұйымдастырған Х халықаралық қашықтық «Күзгі бал» атты шығармашылық байқауында Ахметова Мариям 4 жас, Тұрсынбек Абдуали 7жас, Болат Айбар 4 жас аралығында  І орын жеңімпаздары атанды.Облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» конкурсына 9 оқушы қатысып, жүлделі ІІ-ІІІ орындарды иеленді. Олар: Винокур Богдан, Муратқан Жігер, Марат Айсулу, Жақсыбаева Назерке, Ақылжан Саян, Гармина Александра, Мұратқан Қайсар, Есенбай Нұртас, Нұрдәулет Нұрсая.Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық «Qazan.INFO» сайты ұйымдастырған Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты республикалық қашықтық олимпиадасында 6-сынып оқушысыНұрдәулет НұрсаяІ орын жеңімпазы,6-сынып оқушысы Айтжанова Дильнур І орынжеңімпазы ,8-сынып оқушысы Кадырхан НұржанатІ орынжеңімпазы, 8-сынып оқушысы  Анарбек Шахназ І орынжеңімпазы атанды. «Tio.kz» Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиада сайты ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасында 1-сынып оқушысы Қызыр Еркежан І дәрежелі 1-сынып оқушысы  Ұланқызы Жанерке ІІ дәрежелі, 1-сынып оқушысы Ақылжан Саян І дәрежелі, 1-сынып оқушысы  Бекзат Елнат І дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды. Республикалық «Жас Дарын» және «Өрлеу» порталдарының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына қатысып «Өлең –сөздің патшасы» номинациясында үздік нәтиже көрсеткені үшін Анарбек Қызғалдақ балабақша тәрбиеленушісі І дәрежелі дипломмен, балабақша тәрбиеленушісі Саятұлы Ералы І дәрежелі дипломмен ,даярлық топ тәрбиеленушісі Роман Айару І дәрежелі дипломмен марапатталды.«Daryn.online»білім беру платформасы мен «Qaztest.kz» олимпиада сайты бірлесіп функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырған Республикалық  олимпиаданың математика пәні бойынша 4-сынып оқушысы Ақылжанова Сағынай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жүлдегер атанды. Облыстық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына 4-сыныптың 4-оқушысы қатысып, Марат Айсұлу –сертификат, Сайн Айерке- сертификат иеленсе, Жақсыбаева Назерке- І дәрежелі дипломмен,Марат Айсұлу-І дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық тоғызқұмалақ сайысында 11-сынып оқушылары Жакенов Алихан жүлделі І орын, Тұрлыбеков Нариман жүлделі ІІІ орынды иеленіп, марапатталды.

Мектепішілік бақылаулар, өзара тәжірибе алмасулар барысында тәжірибелі ұстаздар тарапынан үнемі ұсыныстар айтылып талдаулар жасау арқылы жұмыстар жүргізілуде.

Мектеп бойынша І тоқсандық білім сапасы –76 % құрап, үздіктер саны – 26, екпінділер саны – 12  болды. Мектеп бойынша ІІ тоқсандық білім сапасы –76 % құрап, үздіктер саны – 26, екпінділерсаны – 12  болды.Мектеп бойынша ІІІ тоқсандық білім сапасы –80 % құрап, үздіктер саны – 27, екпінділерсаны – 13,ІV тоқсандық білім сапасы –80 % құрап, үздіктер саны – 27, екпінділерсаны – 13  болды.







            

Мектеп директоры:                       Ж.Мухаметрахимова