Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
14
май
2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру 

2020-2021 оқу жылы

       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Қазымбет орта мектеп бақшасы» КММ-де «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жасайды.Оған 1-11 сыныптаң барлық оқушысы қамтылған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс- шаралар ұйымдастырылып жүргізілуде .Атап айтсақ, бастауыш сыныптар арасында «Жемқорлық індет- жою міндет» тақырыбында тәрбие сағаттары, жоғары сыныптарда «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта суреттер салды. «Адалдық –адамгершілік бастауы тақырыбанда» сурет және эссе байқауы өткізілді. Үздік сурет салған Анарбек Шахназ және үздік эссе жазған Романов Алимжанның жұмыстары аудандық байқауға жіберілді. Бірнеше тақырыптарда  «Адалдық сағаттары» өткізіліп сілтемелері мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланды. Олар: Мейіржан Әлібекұлымен, Евгений Золотухинмен, Қалқаман Саринмен адалдық сағаттары, «Әйтеке би: парасат биігі мен сөз құдіреті», «Туралықты тұғыр еткен Төле би», «Сұлтанмахмут Торайғыровтың әділдік философиясы», «Мұқағали Мақатаев- мәңгілік ғұмыр», «Шәкірім өсиеті- адалдық айнасы», «Ахмет Байтұрсынұлы- адалдық пен білім диханшысы», «Сәкеннің өнегелі жолы», «Ар намысты арқалаған рухты батыр- Бауыржан» тақырыптарындағы адалдық сағаттары. «Даңқты батыр Бауыржан» тақырыбында өткен адалдық сағаты туралы  Тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Ахметованың мақаласы облыстық «Семей таңы»  газетінің №83(19049) санында жарияланды.Және мектеп оқушыларына  санитарлық талаптарды сақтай отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» көркем фильм көрсетілді.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Р.К.Ахметова