Құқық бұзушылықтың алдын алу » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2020

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жүргізілу деңгейі және қыздармен, ұлдармен жұмыстардың жүргізілуі туралы

МӘЛІМЕТ

      «Қазымбет орта мектеп- бақшасы» КММ  бекітілген жоспар негізінде сабаққа қатыспайтын, себепсіз сабақ босататын балаларды анықтау үшін жыл бойы жұмыс жүргізіледі. Соның нітижесінде сабақты себепсіз босатқан оқушылар тіркелген жоқ. Мектепте түнгі кезекшілік кестесі бойынша рейдтер жыл бойы жүргізіледі.Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорт секциялары, пәндерден қосымша сабақтар, ҰБТ мен ОЖСБ ға дайындық   жүргізіледі.Каникул күндері жоспар құрылып  сол жосапр негізінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижелері мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланды. Кәмілеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Р. Өмербековпен тікелей  эфирде ZOOM платформасында «Жасөспәрім және заң» , «қауіпсіздік негіздері» тақырыптарында кездесу өткізілді.Учаскелік инспектор С.Н.Омаровпен «Жасөспірім кезіндегі жауапты қауіпсіз тәртіп» тақырыбында кездесу өткізілді.Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Бестерек аммбулаториялық ауруханасының акушері Рамазанова Маржанмен  тікелей эфирде «Ерте жүктілік оның салдары, алдын алу» тақырыптарында кездесу өткізілді. Мектеп медбикесі Н.Данабекова мен тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Ахметова қыздармен  «Етеккір кезіндегі тазалық» , «Жеке бас гигиенасы» туралы  әңгіме дәріс өткізді. Жоспар бойынша қыздар мен ұлдар топтарының ай сайын кеңесі өткізіліп отырады.Оқушылардан жабық анкеталар алынып, баяндамалар оқылып, талдау жұмыстары жүргізілді.Мектеп медбикесі Н.Данабекова түрлі тақырыптарда соның ішінде жыныстық қатынас, кәмілетке толмағандарға қарсы құқықтық қолсұғушылық, жыныстық тиіспеушілік жөнінде әңгіме, лекциялар ұйымдастырды.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Р.Ахметова