Қауіпсіз мектеп ортасы » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2020

Қауіпсіз мектеп ортасы

                 «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акция

            «Қазымбет орта мектеп- бақша» КММ-де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.Күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында «Қауіпсіз мектеп ортасы» атты акция ұйымдастырылды.

           Акция аясында «Қауіпсіз мектеп», «Менің өмірім менің қолымда» тақырыбында сынып сағаттары мен дәрістер өткізілді. «Қауіпсіз балалық шақ» суреттер конкурсы ұйымдастырылды.Халықты құқықтық сауаттылық туралы хабардар ету, кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен ресми сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру әңгімелері жүргізілді.  «Қауіпсіздік қағидалары» (жадынамалар, буклеттер) таратылып, балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар онлайн-жиналысы өткізілді.Оқушылардың мектепке барып- қайту картасы жасалды.

Акцияға 1-11 сынып оқушылары қамтылды.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:Р.К.Ахметова






Похожие публикации:

23 сентябрь 2020 Отбасы -бақыт мекені
14 октябрь 2019 Ата-аналарға