Қауіпсіздік шараларының алдын-алу бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіздік шараларының алдын-алу бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары
10
май
2021

Қауіпсіздік шараларының алдын-алу бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары

Қауіпсіздік шараларының алдын-алу бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары 

        «Қазымбет орта мектеп-бақшасы» КММ –де   оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында   жаздық демалысқа жіберу кезінде  демалысын дұрыс ұйымдастру, бала өмірінің қауіпсіздігі бойынша оқушылар мен ата-аналарға бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Жазды күні балалардың өмірінде көп орын алатын су қауіпсіздік шаларалры, суға кетудің алдын алу бойынша, су айдындарында балалардың өлімін аттракциондарда, түрлі жарақаттар алу бойынша  және де  өрт қауіпсіздігі, жасөспірімдер мен балалардың арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша, діни экстремизмнің алдын алу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Мектептік әлеуметтік желідегі парақшасына , мектеп сайттарына және ата-аналар мен оқушылар чаттарында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Оқушыларды тоқсан сайын қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, әртүрлі сауалнамалар алынып, сынып сағаттарында жол қауіпсіздігі, су қоймалары,өзен, көлдердегі қауіпсіздік ,ғаламтордағы қауіпсіздік және өрт қауіасіздігі, тұйықталған ток көздері, түнгі уақытта бейсауат жүрмеу бойынша баяндамалар, видео сабақтар өткізіліп, ата-аналарға түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, өтілген жиналыстардың хаттамалары толтырылды. 

      Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Үржарайым» демалыс лагеріне 7 оқушы, мектеп жанындағы жазғы лагерге бастауыш сыныптың 27 оқушысы және мектеп жанындағы үлескіде еңбек практикасына 1-10 сынып оқушылары қамтылып отыр.

          Балалардың жазғы өмір қауіпсіздігіне жауап беретін ата-аналары немесе өзгеде заңды өкілдерінен баланың ғаламтор қауіпсіздігі, өрт, су, жол қауіпсіздігі бойынша қолхат алынып, жауапкершілік міндеті жүктелді.  



Тәрбие ісінің меңгерушісі:                                Р.Ахметова