Қызға қырық үйден тиым ток-шоу
Ток-шоу «Қызға қырық үйден тыйым»
«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында өткен ток-шоудың мақсаты, қыз балаларға адамгершілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру. Қыз балалардың бойына рухани адамгершілік сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Халқымызда «Қызға қырық үйден тыю,қала берсе,қара күңнен тыю» деген мақал бар. Мақалды ата-бабамыз тегін айтпаған оның тәрбиелік мәні бар. Тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі,өнеге түрлерінің бірі-тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез,орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Үлкенді құрметтеу,кішіні сыйлау сияқты нақыл сөздермен тәрбиелеген. Ұлы ақындарымыз қыздарымызды табиғаттың сұлу көріністерімен бейнелеген оларға арнап ән жазып өлеңдер шығарған. Мысалы : «Қыз сыны», «Қазақ қызы» .... Қыздарымызды қырық тыйыммен таныстырып,әдептілікке шақыра отырып көптеген мағлұмат бердік.
Қыз балалардың киім киісі мен жүріс тұрыстары жайында сұрақтар қойылып, жауап алынды. Қазіргі заманымыздың ашық-шашық киімдерін, ұятты жерлерін көрсетпейтін жабық киім үлгілерімен салыстырып , қыздарымызды әдептілікке және әдемілікке шақыра отырып, 1950-2019 жылдар аралығындағы сән үлгілері видеокөрініс арқылы көрсетілді.
Қыз балаларға және ұл балаларға тән қасиеттерін айтып,өз ойларымен бөлісті.Қыз балалардың бойынан нәзіктік пен сұлулықты,ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты,ұялшақтықты,өнерпаздық пен іскерлік,ақ ниет пен ақкөңіл қасиеттерін көретіндігін. Ұл балаларға кішіпейіл,ер мінезді,қыз баланы сыйлайтын ата-анасын құрметтейтін,екі сөйлемейтін,намысшыл,елін жерін қорғай білетін қайраттылық, қайсарлықлық мінез тән деп ойлайтын қыздарымыз көп. «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» демекші бесік тербейтін ақылды,сабырлы,әдепті қыздарымыз көп болсын.
Серік .М.Ж.
мектеп психологі