Мектеп формасының мәні мен мұңы. дебат » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2019

Мектеп формасының мәні мен мұңы. дебат

Мектеп формасының мәні мен мұңы


       Мектеп – білім ордасы, қасиетті жер деп айтсақ та артық болмас. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Оның дәлелі Әль-Фарабидің мына сөздері: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Оқушыны тәрбиелеу сыртқы келбетінен бастау алады. Иә, «Адам көркі - шүберек» - дейтін болсақ, «Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ  қабырғасындағы шәкірттердің ажарына әр беріп, қоғамдағы орнын айқындап тұратын оқушылардың киім үлгілерінің бірдей болғаны жақсы бастама болды деп  «Мектеп формасының мәні мен мұңы » тақырыбы аясында 7-9 сыныптар арасында пікірталас өтті. Пікірталас кіріспесінде мектеп тарихшысы   Воказе Ж. Ж.  мен тәлімгер Қырықпаева Э. С.  интерактив тақтаны пайдалана отырып, слайд көрсетті. Сабақ пікірталас көлеміне қосымша сұрақтар қойылып қызықты да әрі тартымды өтті.   Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу. Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарары бойынша төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс. Әр топ бес ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны бар және міндеттері нақты белгіленген. Бейнетаспада мектеп формасы туралы жаңалықтан үзінді көрсетіледі. Көрермендерден пікірлері тыңдалды Қорытындысында мадақтама граматамен  марапатталды.


Крыкпаева Э.С. тәлімгер