Дарынды оқушылармен жұмыс қорытындысы 2020-2021 оқу жылы » КоммунальноеГосударственное учреждение "Казымбетская средняя школа-сад"
Абай облысы
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қазымбет атындағы орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дарынды оқушылармен жұмыс қорытындысы 2020-2021 оқу жылы
22
май
2021

Дарынды оқушылармен жұмыс қорытындысы 2020-2021 оқу жылы

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ

2020-2021 оқу жылы бойынша дарынды оқушылармен

                                жүргізілген жұмыс туралы мәлімет               

«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ бойынша жылдың басында қабілетті оқушылардың тізімі анықталып, жұмыс жоспары бекітілген.

Жоспарға сәйкес 21 оқушы кабілетті деп тіркелген, сол оқушылармен әр пән мұғалімі жұмыс атқаруда. Мәселен, оқушыларды тест жұмыстарына дайындау, тірек-сызба кестелермен жұмыс, реферат ғылыми жұмыстарға баулу, сөзжұмбақ, ребус, рөлдік ойындарға баулу, зертханалық жұмыстар, дидактикалық материалдармен жұмыс, оқушыларды мектепішілік, аудандық олимпиадаларға, облыстық сайыстарға қатыстыру, мектепішілік дебат, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, күрделі есептерді шығару жолдарын үйрету сияқты жұмыстар жүргізіледі. Апталықтар барысында және сыныптан тыс дөңгелек үстелдер, дебат, конференциялар ұйымдастырылып тұрады.«Қазымбет орта мектеп-бақша» КММ бойынша жылдың басында қабілетті оқушылардың тізімі анықталып, жұмыс жоспары бекітілген.Жоспарға сәйкес 21 оқушы кабілетті деп тіркелген, сол оқушылармен әр пән мұғалімі жұмыс атқаруда. Мәселен   облыстық «Айналайын» конкурсына 2 оқушы қатысып, 9-сынып оқушысы Есенбай Олжас жүлделі-2-орынды иеленсе, 5-сынып оқушысы Есенбай Нуртас қатысқаны үшін сертификат иеленді. Мектепішілік «ІЗДЕНІС» атты пәндік олимпиадалар ұйымдастырып, қорытындысы бойынша 2 оқушы аудандық олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысты. Олар: 9-сынып оқушысы Есенбай Олжас- қазақ тілі пәнінен және тарих пәнінен 11- сынып оқушысы Тұрлыбеков Нариман қатысты. Нәтижесінде 9-сынып оқушысы Есенбай Олжас- қазақ тілі пәнінен   жүлделі І орынды иеленді.Халықаралық «Русский медвежонок» конкурсында 6-сынып оқушысы Айтжанова Дильнар жүлделі І орынды иеленді. Республикалық «Айқанат» олимпиадасына 9- сыныптың 3 оқушысы Есенбай Олжас эссеге, Нурмухаметов Тимур физика пәнінен, Саятұлы Ерасыл география пәнінен тіркеліп, үш оқушы аудандық кезеңге қатыстырылды, нәтижесінде 2 оқушы ІІ кезеңге қатыстырылды. Олар: Есенбай Олжас және Нурмухаметов Тимур. 8-сынып бойынша Республикалық «Айқанат»  олимпиадасына 3 оқушы тіркелген, 2 оқушы  ІІ кезеңге қатыстырылды. Олар: Анарбек Шахназ және Алтынбеков Қуаныш. Аудандық 5-6-сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен Айтжанова Дильнур, қазақстан тарихы пәнінен- Нұрдәулет Нұрсая, жаратылыстану пәнінен- Романов Әділжан  олимпиадаға қатысып, екінші кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңнен 5-6-сынып оқушылары арасында жаратылыстану пәнінен- Романов Әділжан  олимпиадаға қатысып  жүлделі 3 орында иеленді. Республикалық «Мың бала» олимпиадасына 5-6 сынып оқушылары қатысты, нәтижесі күтілуде. Республикалық «PROGRESS» интеллектуалдық-ғылыми орталығы ұйымдастырған география пәнінен пәндік олимпиадада 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Еділ жүлделі І орынды иеленді. «Primus Development Genter» бейнелеу өнері халықаралық балалар орталығы ұйымдастырған Х халықаралық қашықтық «Күзгі бал» атты шығармашылық байқауында Ахметова Мариям 4 жас, Тұрсынбек Абдуали 7жас, Болат Айбар 4 жас аралығында  І орын жеңімпаздары атанды. Облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» конкурсына 9 оқушы қатысып, жүлделі ІІ-ІІІ орындарды иеленді. Олар: Винокур Богдан, Муратқан Жігер, Марат Айсулу, Жақсыбаева Назерке, Ақылжан Саян, Гармина Александра, Мұратқан Қайсар, Есенбай Нұртас, Нұрдәулет Нұрсая. Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық «Qazan.INFO» сайты ұйымдастырған Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты республикалық қашықтық олимпиадасында 6-сынып оқушысы Нұрдәулет Нұрсая І орын жеңімпазы, 6-сынып оқушысы Айтжанова Дильнур І орын жеңімпазы ,8-сынып оқушысы Кадырхан Нұржанат І орын жеңімпазы,  8-сынып оқушысы  Анарбек Шахназ І орын жеңімпазы атанды. «Tio.kz» Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиада сайты ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасында 1-сынып оқушысы Қызыр Еркежан І дәрежелі 1-сынып оқушысы  Ұланқызы Жанерке ІІ дәрежелі, 1-сынып оқушысы Ақылжан Саян І дәрежелі, 1-сынып оқушысы  Бекзат Елнат І дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды. Республикалық «Жас Дарын» және «Өрлеу» порталдарының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына қатысып «Өлең –сөздің патшасы» номинациясында үздік нәтиже көрсеткені үшін Анарбек Қызғалдақ балабақша тәрбиеленушісі І дәрежелі дипломмен, балабақша тәрбиеленушісі Саятұлы Ералы І дәрежелі дипломмен , даярлық топ тәрбиеленушісі Роман Айару І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Daryn.online» білім беру платформасы мен «Qaztest.kz» олимпиада сайты бірлесіп функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырған Республикалық  олимпиаданың математика пәні бойынша 4-сынып оқушысы Ақылжанова Сағынай  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жүлдегер атанды. Облыстық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонына 4-сыныптың 4-оқушысы қатысып, Марат Айсұлу –сертификат, Сайн Айерке- сертификат иеленсе, Жақсыбаева Назерке- І дәрежелі дипломмен, Марат Айсұлу- І дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық тоғызқұмалақ сайысында 11-сынып оқушылары Жакенов Алихан жүлделі І орын, Тұрлыбеков Нариман жүлделі ІІІ орынды иеленіп, марапатталды.Әр оқу жылында мектеп оқушыларыпәндер бойынша оқушылардың олимпиадаларына қатыстырылып және нәтижелілігі жайлы талдау, мониторинг жүргізіліп отырады.







Мектеп директоры:                       Ж.Мухаметрахимова